" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер апталығының есебі

19.09.2024

Атбасар  ауданы бойынша  білім бөлімі түзеу  мекемелері                           

жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  - де

2024 жылдың 5 қыркүйек -18 қыркүйек   аралығында  Қазақстан халқының тілдер күніне  арналған келесі іс шаралар өткізілді.

5 қыркүйек  «Тіл-ұлт тірегі» тақырыбында  іс шараның ашылуы өткізілді. Ашылу кезінде 10-11 сынып оқушыларына мектеп жоспарымен таныстырылды.

2024 жыдың 6 қыркүйек      күні 10-11 сынып оқушыларына және мектеп мұғалімдеріне Жалпықазақстандық ашық диктант өтті.

2024 жылдың 9 қыркүйек «Тіл менің-тірлігімнің айғағы» тақырыбында

10-11  сынып оқушыларына сынып сағаты өтті. Мақсаты : Оқушылардың тілге деген құрмет мақсаты айасында өткізілді.

2024 жылдың 10 қыркүйек күні 10 сыныптар оқушыларына «Жау жүрек, мың бала» фильмі көрсетілді.

2024 жылдың 11 қыркүйек күні 10-11 сынып оқушылар арасында  үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізіліп жақсы жетістіктер көрсетілді. Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдерімен бөлісіп өз өнерлерін көрсете білді.

12 қыркүйек 10 сыныпта  «Тіл- татулық тірегі» тақырыбында эссе жазды. Эссе жазу кезінде өздерінің тілге деген  құрмет мәртебесін көтеру мақсатында жазылды.

2024 жылдың 13 қыркүйек күні  «Тілімізге деген құрмет» тақырыбында  үш тілде   шығарма сайысы өткізілді.

2024 жылдың 16 қыркүйек 10 сыныптар арсында  «Қазақстан» постер сайысы өткізілді. Сайыста оқушылар Қазақстан жері кең, бай, әдемі т.б.суреттеу арқылы постер құрастырды.

2024 жылдың 17 қыркүйек күні 10 сыныптар оқушылар арасында «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» тақырыбында викторина өтті. Оқушылар екі топқа бөлінді Қыран және Тұлпар тобы. Викторина өту кезінде үш тілді сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға сүрінбей, нақты қызығушылықпен жауап берді. Сайыстың қорытындысы бойынша Қыран тобы бірінші орынға ие болды

2024 жылдың 18 қыркүйек күні  тілдер апталығының жабылуы өткізілді. Оқушылар мадақтау қағазымен марапатталды.

 

Просмотров: 1835


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст