НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім
бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2024 ға мемлекеттік қызметтер бойынша есеп береді.
І. Жалпы ережелер
1. Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім
бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Өнеркәсіптік аймақ, 1 құрылыс.
2.Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім
бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
білім беру саласында 3 мемлекеттік қызмет көрсетті.
2024 жылы мектеп 1 мемлекеттік қызмет көрсетті:
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны (қызмет көрсетушінің кеңсесінде) – 1.
Барлық мемлекеттік қызметтер білім беру саласында тегін негізде көрсетілді.
3.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
«Педагогтердің аттестациядан өтуі үшін құжаттарды қабылдау»
«Негізгі, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтама беру»
«Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)»
ІІ. Қызмет алушылармен жұмыс:
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушылар үшін қажетті ақпарат мектептің ресми интернет-ресурсында орналастырылған:
https://sc0038-atbasar.edu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754
"Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2024 жылы мектеп әлеуметтік желілерде 2 мақала жариялады.
Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабар ету ай сайын БАҚ, интернет-ресурстар арқылы жүргізіліп отырады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1.Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру шаралары
Мектепте мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді.
Олар қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, 2024 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағым түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.
2025 жылы мектеп жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады.