" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ильяс Есенберлин

12.05.2020

Ілияс Есенберлин 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында  дүниеге келген. Жазушы Алматыда1983 жылы қайтыс болған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын  бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі  жылдарда  филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады. Биыл Ілияс атамыз 105- жасқа келу мерей тойы, соған орай  мен біздің мақтанышымыз , жерлесіміз  Ілияс  Есенберлинге  арнап бір –екі шұмақ жол өлең жаздым.

Қайсар ағама

Аштық пен жетімдіктің дәмің таттың
Көшесін кезіп жүріп Атбасардың
Соғыстың қан майданда қару алып
Дзодын фашистердің талай жарған

Кен қаздың қолыңа қайла алып
Сыр бермей, шаршасаңда қарың талып
Солақай өкіметтің кесірінен, айдалдың,
Қарақұмда канал қазып,

Сонда да жігеріңді,құм қылмадың

Намысты қолдан жібермей, күресуден тынбадын
Поэзиямен, повестьті  тік  тұрғызып
Ойлы оймен халқына ақыл сыйладың


Бұратана халық  деп танитынға
Қазақтың қара сөзін жонып бердің
Көшпенділер романын жаза тұра
Тарихқа үлесіңді қосып бердің.

Болашаққа қазақтың кім екенін
Түнектерден саралап ашып бердің
Елің үшін таң болдың алаулаған
Кеше ғана қарасыз жетім  едің

Ілияс Есенберлин

Дүрсілкінсін қазақтың кең даласы,

Өр мінезді алаштың мен баласы.

Мұхтар, Ілияс, Сәбитті туған

Қазақ деген ұлылардың ол анасы.

 

Әйелдің шашын сүйреп, сәбиге найза қадаған

Оқиғалар баяндалған небір шын.

Сол тарихты бір кітапқа сыйдырған

«Көшпендінің» Ілиясы жасасың!

 

Ұлы тұлға, жарқ етіп жанып-сөнер

Бар мекен Ілиястай Һәм кемеңгер?

Ілиястың атын жаңғыртып тұр ғой міне

Бар әлем мойындаған  «Көшпенділер».

 

 Қазақ тілі және қазақ әдебиет мұғалімі ;Киргабакова Г.С.

 

Просмотров: 555


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст