28 ақпан күні "Ақмола облысы Атбасар қаласының түзеу мекемесі жанындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Алғыс айту күніне"арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты ортақ тарих, қазақтар мен барлық этностардың бір-біріне қолдауының арқасында бастан кешкен бірлескен қиындықтар туралы естелік негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін нығайту, сақтау және дамыту, оқушылардың өз елі, өз халқы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, салт-дәстүрлерді құрметтеу болды. Іс-шараға "№ 1 мекеме"РММ педагогтары, оқушылары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараның жүргізушілері ағылшын тілі мұғалімі Скидан Наталья Рафиковна және педагог-психолог Коваленко Елена Александровна болды. Іс-шара барысында 20 ғасырдың 30-жылдарындағы тарихи оқиғалар, КСРО-ның әр түкпірінен Қазақстанға қоныс аударған адамдар туралы қызықты бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар түрлі тілдерде өлеңдер оқып, алғыс сөздерін айтты. Бұл жақсы дәстүр - адамдарды біріктіретін тамаша мерекені атап өту, бұл-қазақ жеріне және Қазақстанға кейде қайғылы оқиғалардың нәтижесінде келген түрлі этностардың миллиондаған адамдарына қамқорлық пен қонақжайлылық сыйлаған халыққа тағзым ету. Іс-шара жылы, достық жағдайда өтті. Алғыс Айту Күні Құтты Болсын! Әр үйде ошақтың жылуы, бай дастархан және көптеген достар болсын!