" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздық еткен жалықпас

21.11.2017

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,

Ұстаз – ұлы тұлға.

Адам жанын әрқашан арман аялайды.Балдәурен балалық шақтан бастау алатын асыл арман ағынды арна

тапса,сұңқар қиялы қияндарға жетелейді.Ақжелкен арманға аяулы сезім мен ақыл парасатты астастыра білгендер ғана бақыт баспалдағымен абырой биігіне өрлемек.Осындай бел-белестерден әрі асып,армандармен жалғасып жатқан жолдардың бірі-ұстаз жолы. Ұстаз болу көп еңбекті,шыдамдылықты,төзімділікті,адалдықты,әділдікті талап етеді.

Қазіргі заманның ұстазы ескінің көзіндей,жаңаның өзіндей болып төл мәдениетін қастерлейтін,сыйлайтын,оны өзгеге таныта,сыйлата алатын,дүниежүзілік мәдениетті танитын,рухани дүниесі бай, білімді,білікті болуы керек. Ұстазды оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп,ой сезіміне

әсер ету үшін: Біріншіден,саяси сауатты,жан-жақты білімді болуы; Екіншіден,өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін,шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі; Үшіншіден,оқушының психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог,өз ісіне,шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда

ғана ол-нағыз ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.

Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Бүгінгі таңда сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының оқушыларды жалпы білім жағынан болсын, тәрбиелік дамытушылық тұрғысынан жетілдіруге әсері зор. Бұл жұмыстар білімді кеңейтіп,тереңдетіп қана қоймай, мәдени жан-жақтылықты, шығармашылық шабытты,эстетикалық талғамды дамытады. Сондай-ақ, өз елінің мәдениетіне, ана тіліне

деген қызығушылығын артгыра түседі. Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Сондықтан оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің ең басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Киргабакова Гаухар Сериковна ЕЦ 166 / 4 мекемесінің қабырғасында Cейтжан Омаровтың мерейтойына орай сотталған азаматтар арасында драмалық

үйірмесін ұйымдастырып өткізді. Гаухар Сериковна драмалық үйірме арқылы оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін жеткізе алуға жетелейді.. Ұйымдастырылған үйірме оқушының білімін тереңдетіп,пәнге деген қызығушьшығын арттырады, үлгерімін жақсартады.

Драмалық үйірме оқушының қарым-қатынастық біліктілігін, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға

септігін тигізеді. Себебі сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылғанға дейін талай басқыштардан өтеді. Ең бастысы сахна құдіретін түсінеді. Мұғалім оқушылардың ішкі жан

әлемін байытып, оқырмандық мәдениетін, өз бетінше ізденіп , қызығып оқуға

дағдыландырады .

Гаухар Сериковна әрдайым ізденісте жүреді, оқушылардың жеке қасиеттерін, жеке тұлғалық қасиеттерін

анықтай алды. Гаухар Сериковна ерен еңбекіне еленіп,еңбектенуден шаршамай,қуатты болуына тілектеспін. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей әрқашан талмай еңбек етуден жалықпаныз .

 

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст