" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мерейтой

18.11.2019

Мерейлі  мектебімізге -15 жыл!

ЕЦ 166/4 мекемесінің жанындағы

Жалпы білім беретін орта мектебінің

15 жылдық мерейтойына арнау

 

 

Мектеп жайлы жазсам мен бір үзік сыр,

                                                     Мектеп деген белесі көп биік шың.

                                                           Ең киелі білім орда саналар

 Сәуле шашар күннің  әсем нұрысың.

 

Жүрек тулап, өн – бойыңды кернеп шабыт,

Бұл мектепке шәкірт болу үлкен бақыт.

Түлектердің өлең жазсам шумақтатып,

Тыңдар оны құштарлықпен дүйім халық.

 

 

2019 жылдың 15 қараша күні Жалпы білім беретін кешкі ауысымдық орта мектеп өзінің іргетасы қаланғанына 15 жыл толуын атап өтті. Алтындай қымбатты , білім мен тәрбиенің ошағына айналған аяулы мектебіміз.

Бұл- үлкен қуаныш, зор мәртебе! Сонымен қатар үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс болып табылады.

  Концерттік кеште сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бекбаев Абай Болатович , Аудандық білім бөлімінің жетекшісі Наймушина Наталья Геогриевна, Ақмола облысы  бойынша қылмыстық атқару жүйесі  департаменттінің орынбасары Абрахманов Марат Жылкайдарович  мерекелік кноцерттен алған әсерін  көрермендермен бөлісті. Өнер мектебінің тынымсыз жасап жатқан жемісті  жұмыстарын , ізденістерін,  жаңашылдықтарын , жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы баға жетпес  еңбектерін тілге тиек етіп, мектеп ұжымын құттықтап арнайы алғыс  хаттармен марапаттады.

  Мерейтойға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар , мектептің бұрынғы түлектері  білім  ұясының  қазіргі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді. «Ағаш жапырағымен , адам ұрпағымен, ал ұстаз  шәкіртімен көрікті» деген. Осы мектептен білім нәрін алып, көктеген талай жас шыбықтың тамыры тереңдеп еменге айналған.

  ЕЦ 1

Просмотров: 698


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст