Текст
5.12.21 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мектептің педагогикалық ұжымы оқушылармен бірге мерекелік концерт дайындады. Оқушылардың орындауында қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер мен әндер шырқалды. Құттықтау сөздерімен және жылы тілектермен іс – шараның қонағы-әділет капитаны, Әқаб бастығы С. М. Елкеев сөз сөйледі.
Біздің еліміз үшін осы маңызды мерекемен барлық қатысушыларды мектеп директоры Е.М. Дюсембаев және мектеп меңгерушісі Л. в. Жуйкова құттықтап, балаларға сәттілік және өмірде табыс тіледі. Бұйрықтан кейін оқушыларға мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталар берілді.
А. Бақланова