Қазақстандықтар үшін тағдыршешті күн 1991 жылғы 16 желтоқсан болды, ол кезде Қазақстан бүкіл әлемге өзінің тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік күні-Қазақстанның барлық халықтарының мерекесі. Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған материалдар, сондай-ақ 30 жыл ішінде өткен жол туралы баяндайтын қазақстандық авторлардың кітаптары оқырмандардың назарына ұсынылды. Көрменің жеке бөлімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке өмірбаяны мен қызметіне және Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан тарихына байланысты кітаптарға арналды. Мұнда Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақстан жолы", "Тәуелсіздік стратегиясы" кітаптары мен еңбектері және басқа да басылымдар бар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің барлық кітаптары мен қазақстандық авторлардың жұмыстары Республиканың тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін ашуға арналған.