Текст
1 қыркүйек күні ТМ жанында Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шара санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын ескере отырып, мектеп ауласының аумағында өтті. Мерекелік іс-шара басталар алдында мектеп директоры Дюсембаев Ерлан Мухамедьянович барлық қатысушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, денсаулық, оқуда табыс және барлық бастамаларына сәттілік тіледі. Мектеп меңгерушісі Жуйкова Любовь Владимировна жаңа оқушыларды 10-шы сыныптарға қабылдау туралы бұйрықты оқыды. Барлық сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сынып сағаттары өтті.