2025 жылдың 10-14 ақпаны аралығында КММ «Түзеу мекемесі жанындағы жалпы білім беретін мектепте» орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті.10 ақпанда апталықтың салтанатты ашылуы болды. Мектепте осы шараға арналған көрнекі стенд безендіріліп, оқушылар іс-шаралар жоспарымен танысты.11 ақпанда «Әдеби палитра» атты авторлық өлеңдер байқауы ұйымдастырылды. Жас ақындар өз туындыларын көпшілік назарына ұсынып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сондай-ақ, оқушылардың орыс тілі бойынша білімдерін сынайтын лингвистикалық викторина өтті. Ерекше жағдайда білім алып жатқан балалар әдебиетке деген қызығушылықтарын танытып, тіл шеберліктерін шыңдауда.Викторинада екі команда бақ сынады. Сұрақтар оңай болмағанымен, қатысушылар барлық тапсырманы сәтті орындады. Ойын қызықты әрі тартысты өтті.Сонымен қатар, «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Капитан бастаған алты ойыншы көрермендер командасын жеңіп, өз білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Даналықтың символы саналатын үкі ойын барысын бақылап тұрды, ал білгірлер дұрыс әрі сенімді жауап беріп, эрудицияларын көрсетті.Апталық аясында Б. Васильевтің «Алғашқы таңның шуағы...» шығармасының экранизациясы көрсетілді. Мұғалім бұл фильмді Ұлы Отан соғысының маңыздылығын айшықтап, оқушыларға батыр бабаларымыздың ерлігін еске салу мақсатында таңдады.
14 ақпанда орыс тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Барлық сайыстардың қорытындылары шығарылып, қатысушылар грамоталармен, естелік сыйлықтармен және жүлделермен марапатталды.Бұл апта оқушылар үшін таным мен шығармашылыққа, білім мен бәсекеге толы жарқын әрі ұмытылмас оқиға болды. Жаңа белестерге бірге қадам басайық!