" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шәмшінің сағындырған әндері -ай»

              Түндей тұнық көздеріңнің қарасы,

               Қосылардай қастарыңның арасы.
                      Жалт қарасам, жалын атқан ақ жүзің
                Алаулайды атқан таңмен таласып.
 

 «Шәмшінің сағындырған әндері -ай»

 

Шәмші  Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау, әндерінің сырын сезініп, құрметтеу және ән әлемінің падишасы, қазақ вальсінің королі атанған халық әртісі, ұлы сазгер Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Сағындырған әндер - ай» атты ән байқауы ЕЦ 166/4 мекемесінің жанындағы кешкі ауысымдық орта мектебінің қабырғасында  өткізілді.

Ш.Қалдаяқовтың ән кеш концертінің бағдарламасының өткізілуіне Атбасар ауданының мәдениет үйінің   «Ақ ниет» ансамбелі тобының  жетекшісі Даирова Гаухар   және мәдениет үйінің әншілері Калмагамбетов Мейрам, Амангелді Жүсіп үлкен  үлестерін қосты. Ш.Қалдаяқовтың  ән кешін Калмагамбетов Мейрам ашты.

Біздің басты мақсатымыз кешегі аға-апаларымыздың әндерін бүгінгі жастарға насихаттау.

Өнерпаздардың арасында елдің еркесіне айналып, өзіндік сара жолын қалыптастырып жүрген әншілер де бар.

«Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан - таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған – Шәмші едің»- дей келе Шәмшінің

«Сыған серенадасы» әнін Калмагамбетов Мейрам , «Ақ кеме» , «Қаракөз» әндерін Амангеді Жүсіп  ұсынса, Ақ ниет бокалдық ансамбелі «Сен едім» әнің ұсынды.

Ш.Қалдаяқовтың  ән кешін Досмухамедов Қайрат «Алғашқы махаббат» әнімен жалғастырды  және сотталған азамат Кенжетаев Рустем «Сен сұлу» әнің ұсынды.

Ш.Қалдаяқовтың әндеріне деген халық махаббаты күннен күнге арта түсуде.

Қазақ халқында «ШәмшіШәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас.

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық туындылары өнер айдынында әлі күнге шырқалып, өзінің танымалдығын жоғалтпай келеді.

Осылайша, елдің сүйікті әншісі Ш.Қалдаяқовтың әндері бұл кеште жүректерге жетті.

Ұсынылған концерттік бағдарлама көрермендер көңілінен шықты. Шәмші әндері қалықтай берсін.  Жасай бер шәмші әндері ,жасай бер менің  Қазақстаным!

ЖБКАОМ –нің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Смагулова Динара Мұратқызы

Жаңартылған күні: 08.03.2020 22:30
Құрылған күні: 08.03.2020 22:30

Текст